Фильмнің жаңа бөлімі инфлюенсерлер, экологиялық сән және «сабырлы салтанат» дәуіріндегі сән әлеміне үңілетін секілді
Deadline және Variety деректері фильмнің түсірілімі басталып кеткенін растады. Ал 20th Century Studios жариялаған тизер жанкүйерлерді елең еткізді. Тизерде өкшесі Ібілістің үш ашалы айырымен алмастырылған әйгілі қызыл туфли көрініс табады. Сонымен қатар «Күлкімді келтірмеші, Андреа. Мұны бәрі қалайды» және «Осымен болды» сияқты қанатты сөздер де естіледі. Актерлік құрам да толыға түскен: Миранданың күйеуінің рөлін Кеннет Брана сомдамақ. Фильм 2026 жылдың 1 мамырында үлкен экранға шығады деп күтілуде. Қызық, Миранданы қандай әлем күтіп тұр? Киімді нейрожүйе жасап, ал Instagram парақшасына «стилист» деп жаза салған әркім өзін сол саланың маманы санайтын заманда ол не істемек?