IMAGE Instagram @miumiu

Miu Miu мұрағатындағы дүниелер қайта жаңғырды

Miu Miu бренді костюм суретшісі Кэтрин Мартинмен бірігіп, ескіге тың леп берген жаңа апсайкл-топтамасын ұсынды. Топтама негізі ретінде брендтің бұрынғы топтамаларындағы винтажды киімдер алынған. Кэтрин оларға кроше, нәзік шілтер, винтажды маталар және күрделі әрлеу қосып, екінші өмір сыйлады. Пиджак пен көйлек секілді көзге таныс киім үлгілері айрықша сахналық сәнге ие болып, драмалық сипатқа иеленді. Әрбір бұйым бірегей және толығымен қолдан жасалған.

Көптеген марапаттың иегері, костюм және сахна безендіру шебері, төрт «Оскар», алты BAFTA және бір «Тони» сыйлықтарының иегері Мартин көп жылдан бері сән мен өнер арасындағы шекараны жойып келеді. Бұған дейін ол Prada-мен жұмыс істеп, өзінің жұбайы Баз Лурман түсірген «Ұлы Гэтсби» және «Элвис» фильмдеріне костюмдер әзірлеген. Бұл оның Upcycled by Miu Miu жобасына алғашқы қатысуы емес. Қазіргі таңда Мартин Лурманмен бірге Жанна д’Арк туралы жаңа фильмді әзірлеп жатыр.

Темы