IMAGE Dior

Аззедин Алайя мен Dior сән үйіне арналған көрме туралы баяндаймыз

Осы күзде Парижде Dior-дың Аззедин Алайяның жеке коллекциясынан алынған винтажды образдары ұсынылатын қос көрме ашылады. Дизайнер француз кутюрьесі мен оның ізбасарларының жұмыстарына әрқашан тамсанып, осы топтаманы жинауға өмірін арнаған. 1956 жылы ол тіпті Монтень авенюіндегі сән үйінде бірнеше күн жұмыс істеп те үлгерген.

Azzedine Alaïa Foundation директоры және алдағы көрменің кураторы Оливье Сайяр модельердің Christian Dior көйлектерінің құпиясын ұғынуға және ауадай жеңіл белдемшелерге пішін беретін нәзік конструкцияларды зерттеуге деген тынымсыз ұмтылысын атап өтеді. Осылайша ол өз коллекциясында 600-ден астам бұйым жинаған, оның 100-і қазір сатылымда. Сондай-ақ, көрмеде Dior үйінің тарихы Аззедин Алайяның көзқарасымен баяндалып, екі дизайнердің жұмыстары арасында параллель жүргізіледі.