IMAGE Instagram @west__archive

Зумерлердің қалаулар картасында: винтажды олжалар, гранж-макияж және галереяға ұқсайтын кеңсе бөлмелері

Осы күзде ең саналы буын – зумерлер – саналы тұтынуға бет бұрды, яғни винтажды және ескі заттарға «екінші өмір» сыйлауды жөн көреді. Бұл үрдісті Gen Z буыны 50%-дан астам қолданушысын құрайтын Pinterest платформасының деректері де растайды. Платформаның «Pinterest 2025 Күзгі Трендтер» есебіне сәйкес, dream thrift finds (секонд-хендтен табылған армандағы олжа - Tatler) іздеу сұраныстары күрт өскен. Сонымен қатар, жолақтар мен кофе реңктерімен толықтырылған преппи-стилі қайта оралып, винтажды сағаттар күздің басты аксессуарына айналды.

Бьюти саласында 90-жылдардың эстетикасы басым: гранж стиліндегі қою түтінді макияж (smoky eyes) бен Вайнона Райдерге ұқсас пикси шаш үлгісі сәнге енді. Интерьерде де осыған ұқсас үрдістер байқалады: 1920 жылдардың жылтыры бар ар-деко стиліне деген қызығушылық артып, cubicle chic (ағыл. – стильді жұмыс кабиналары) бағыты аясында кеңсенің шағын бөлмесін жеке галереяға айналдыру сәнге айналды. Тіпті қарапайым плиткалардың өзі өнер туындысына айналуда: терракота, мыс және көгілдір керамика интерьердің басты элементіне айналды.

Pinterest бұл кезеңді «бірегейлік күзі» деп атайды. Оның басты идеясы – сіздің киіміңіз де, үйіңіз де жай ғана зат емес, сіздің жеке тарихыңызды баяндауы керек.

Темы