IMAGE Ким Кардашьян сот залынан шығып бара жатқан сәт | Getty Images

Ким Кардашьянның кек алу стилі: John Galliano винтаж костюмі және 3 миллион доллар тұратын әшекейлер

Париждің Әділет сарайында жылдың ең шулы сот процесі өтіп жатыр: «Қарт ұрылар» деген атпен танымал бес ер адам 2016 жылы Ким Кардашьянды тонағаны үшін жауапқа тартылу үстінде. Полицей киімін киіп алған олар Hôtel de Pourtalès қонақ үйіндегі Кимнің люкс бөлмесіне басып кіріп, оны байлап тастап, басына қару кезеп, шамамен 10 миллион долларға жуық әшекейлерін ұрлап кеткен. Міне, сегіз жылдан кейін сот ақыры аяқталуға жақын. Екі айыпталушыдан басқасы кінәсін мойындамай отыр.

Осы аптада Ким сотта өзі куәлік беріп, алғаш рет айыпталушылармен бетпе-бет кездесті. Сейсенбі күнгі сот отырысы әрі эмоциялы, әрі сәнді өтті, бір сөзбен айтқанда, жеке бір әңгімеге тұрарлықтай оқиға болды. Кардашьян сот залына John Galliano-ның 1995 жылғы көктем-жаз топтамасынан винтаж киім киіп келді: үшкір иықты, басты назар қыпша белде болар сәнді пиджак. Оған қоса артқы жағында қиылған тілігі бар ұзын белдемше, slingback туфлиі және Alaïa брендінің сәнді көзілдірігі толықтырып жатты. Бірақ ең бастысы – зергерлік бұйымдар: Samer Halimeh New York-тің $3 млн тұратын гауһар алқасы және жарқыраған құлаққап-сырғалар. Бұл – Кимнің ұрланған заттарын қандай керемет жолмен қайтарып алғанын ешкім ұмытпасын дегені.

Tatler Asia
IMAGE Getty Images
Tatler Asia
IMAGE Getty Images

Бүгінгі таңда сотқа сәнді киініп келу қалыпты жағдайға айналған. Saint Laurent, Gucci және Bottega Veneta-ның мінсіз костюмдерімен сот залын подиумға айналдырған A$AP Rocky-ді еске алайық. Болмаса, оны тек моральдық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар стиль арқылы да қолдап жүрген Рианнаны алайық. Ол өз киімдерін үнемі жұбайына ұйқастырып киеді. Сот стилі сәнді мәлімдемеге айналып, Ким Кардашьян өзінің бұл салада нағыз аңыз екенін тағы бір рет еске салды.