IMAGE Дженна Ортеганың жеке стилінің қаншалықты күңгірттене түскені анық байқалады | Netflix

Жаңа маусым сияқты, Дженна Ортеганың стилі де барған сайын күңгірттеніп, күрделене түсуде

«Қарадан да қою түс ойлап тапқанда ғана мен қара киюді доғарамын», – дейтін Уэнсдей Аддамс. «Wednesday» сериалының екінші маусымының пресс-туры кезінде Дженна Ортега оның бұл сертін бұзғанымен, образға қажетті күңгірттікті сақтап қалды. Ағартылған қастар, драмаға толы қою еріндер және ұстараның жүзіндей өткір бет сүйектері – актриса Уэнсдей есімді қыздың хикаясын танымал және таңдаулы брендтердің киімдерімен насихаттап жүр.

Оның стилисі Энрике Мелендес подиумдағы дайын жиынтықтарды тікелей көшіруден аулақ, ол брендтер мен көңіл-күйді араластыруды жөн көреді. Ол мексикалық эпатажды дизайнер Willy Chavarria-ны классикалық Christian Louboutin-мен, Ann Demeulemeester-дің күңгірт романтикасын авангардты Miista аяқ киімімен үйлестіреді. Біз Дженна Ортеганың стилі қалайша жаңа, жыртқышқа тән жылтырға ие болғанын көру үшін турдағы ең ерекше образдарды жинадық.

Лондондағы Вестминстер Сентрал-холлында өткен әлемдік премьерада

Лондондағы премьераға Ортега Ashi Studio-ның латекс көйлегімен шықты. Ол терісін тастап, «Уэнсдейдің» екінші маусымын жаңа кейіпте бастауға дайын тұрған сәнді рептилия іспетті болды.

Tatler Asia
LONDON, ENGLAND - JULY 30: Jenna Ortega attends the "Wednesday" Season 2, Part 1 Global Premiere at Central Hall, Westminster on July 30, 2025 in London, England. (Photo by Mike Marsland/WireImage)
IMAGE Getty Images
LONDON, ENGLAND - JULY 30: Jenna Ortega attends the "Wednesday" Season 2, Part 1 Global Premiere at Central Hall, Westminster on July 30, 2025 in London, England. (Photo by Mike Marsland/WireImage)

Лондондағы Корольдік опера театрында өткен афтепатиде

Афтепатиге Ортега винтажды ашықхаттан түскендей бейнеде келді: DKNY-дың 2004 жылғы топтамасынан алынған шампан түстес жібек комбинация, Santoni туфлиі және Kurt Geiger клатчы.

Tatler Asia
IMAGE Getty Images

Le Beach Club de Mercredi, Париж

Сена жағалауында нағыз викториандық драма өрбіді: Ортега Андреас Кронталер жасаған Vivienne Westwood-тың 2025 жылғы күзгі топтамасынан алынған рюшті жібек комбинация киіп, өзін жын-шайтаннан қорғайтын ірі крест тақты.

Tatler Asia
PARIS, FRANCE - JULY 31: Jenna Ortega attends Le Beach Club de Mercredi (Wednesday's Beach Club) opening on July 31, 2025 in Paris, France. (Photo by Kristy Sparow/Getty Images)
IMAGE Getty Images
PARIS, FRANCE - JULY 31: Jenna Ortega attends Le Beach Club de Mercredi (Wednesday's Beach Club) opening on July 31, 2025 in Paris, France. (Photo by Kristy Sparow/Getty Images)

Лондондағы Netflix фотоколлында

Ортега Сара Бертон жасаған Givenchy-дің готикалық мінсіз бейнесінде суретке түсті: қарындаш-белдемшемен үйлескен конус пішінді былғары бра, массивті қолғаптар және шынжырлы білезіктер.

Нью-Йорктегі Хадсон-Скверде өткен Good Morning America шоуында

Таңғы шоуға Ортега Willy Chavarria костюмін киіп келді: қарындаш-белдемше және иықтары үшкір блейзер. Бейнені Christian Louboutin туфлиі мен жалпақ жиекті қалпақ толықтырды.

Tatler Asia
NEW YORK, NY - AUGUST 4: Jenna Ortega is seen arriving at Good Morning America on August 4, 2025 in New York, New York. (Photo by MEGA/GC Images)
IMAGE Getty Images
NEW YORK, NY - AUGUST 4: Jenna Ortega is seen arriving at Good Morning America on August 4, 2025 in New York, New York. (Photo by MEGA/GC Images)

Нью йорк

Нью-Йоркте Ортега постиндустриалды романтика лебі ескен Elena Velez корсетті көйлегімен шықты. Образды UNOde50 шынжырлы сақинасы және бағасы жақсы көлікпен пара-пар – 100 000 доллар тұратын Aupen сөмкесі толықтырды.

Tatler Asia
NEW YORK, NEW YORK - AUGUST 04: Jenna Ortega is seen in Midtown on August 04, 2025 in New York City. (Photo by Aeon/GC Images)
IMAGE Getty Images
NEW YORK, NEW YORK - AUGUST 04: Jenna Ortega is seen in Midtown on August 04, 2025 in New York City. (Photo by Aeon/GC Images)

Нью-Йорктегі Манхэттенде орналасқан Paris театрындағы арнайы көрсетілімде

Нью-Йорктегі арнайы көрсетілім үшін Энрике Ортеганы Ann Demeulemeester-ге тән дәстүрлі күңгірт элеганттылыққа киіндірді. Толған айдың астындағы салтанатты кешке арнап тігілгендей, ретсіз жиырылған жібек пен тіліктері бар қара көйлекті танкеткалы массивті Miista бәтеңкелері толықтырды.

Tatler Asia
NEW YORK, NEW YORK - AUGUST 05: Jenna Ortega attends the Wednesday S2 NY Fan Screening at Paris Theater on August 05, 2025 in New York City. (Photo by Roy Rochlin/Getty Images for Netflix)

Сеулдағы Four Seasons қонақүйінде өткен баспасөз мәслихатында

Сеулда Дженна Simone Rocha-дан елес-бейне салынған боди мен көпқабатты белдемше киіп, кішкентай мыстан кемпірді еске салды.

Tatler Asia
IMAGE Getty Images

Сеулдағы Netflix фотоколлында

Фотоколл үшін Дженна Dilara Fındıkoğlu брендінің баулы корсеті, үшкір иықтары мен қарындаш-белдемшесі бар қара лакталған көйлегін таңдады, ал қағаз қолшатыр бейненің әсерлі соңғы нүктесі болды.

Tatler Asia
Jenna Ortega
IMAGE Netflix
Jenna Ortega

Сиднейдегі Кокату аралында өткен іс-шарада

Сиднейде стилист Круэлла де Вильден шабыттанып, актрисаны Valentino-дан ақ-қара түсті тон мен баулы Miista етігіне киіндірді.

Tatler Asia
SYDNEY, AUSTRALIA - AUGUST 14: Tim Burton, Gwendoline Christie, Jenna Ortega, Emma Myers, Alfred Gough and Miles Millar attend the "Wednesday" S2, Part 2 'Outcast Assembly' on Cockatoo Island on August 14, 2025 in Sydney, Australia. (Photo by Hanna Lassen/Getty Images for Netflix)

Темы