IMAGE Rizzoli

Көбіне ересектерге арналған платформада Рик Оуэнс тек өз табанының суреттерін жариялайтын болады

Эпатажды америкалық дизайнер Рик Оуэнс OnlyFans платформасында аккаунт ашпақ ниетте екенін мәлімдеді. Ол онда тек өзінің табанының фотосуреттерін жарияламақ. Оуэнс бұл ретте шабыттандырған – XIX ғасырда өмір сүрген италиялық ақсүйек, графиня ди Кастильоне Вирджиния Ольдоинидің оқиғасы. Өмірінің соңында графиня неврастения дертіне шалдығып, қартаю үрдісін қабылдай алмай, адамдармен араласудан және айнаға қараудан бас тартқан. Вирджинияның үрейсіз әрі қорықпай қарай алатын жалғыз нәрсе өзінің табанының фотосуреті болған.

«Менің ойымша, бұл – қартаю туралы сөз қозғаудың айрықша тәсілі», – деп атап өтті 63 жастағы дизайнер. Сондай-ақ модельер оның карьерасы өз аузына зәрін сындырып тұрған фотосуреттен басталғанын мәлімдеген еді. Сондықтан OnlyFans-тағы аккаунт Рик Оуэнстің осы уақытқа дейін жасаған ең жазықсыз ісі болар, сірә.