IMAGE Gucci, «Жібек өнері» | Assouline

Жібек орамалдардың өндірісіне арналған Gucci кітабы туралы баяндаймыз

Бірінші сәуір күні Assouline баспасы Gucci-дің «Жібек өнері» (The Art of Silk) атты кітабын басып шығарды. Кітап брендтің жүз төрт жылдығына орай дайындалған. Үш жүз беттен тұратын кітапқа жібек шәлінің тарихы, мұрағаттық суреттері және «90x90» атты арнайы жоба кірген. Сонымен қатар кітапта тоғыз халықаралық суретшінің Gucci-дің негізгі бес тақырыбына – флора, фауна, теңіз және ат спорты, сондай-ақ GG монограммасына арнап жасаған жұмыстары ұсынылған.

Gucci брендінің алғашқы жібек шәлісі 1958 жылы жібек өнерінің астанасы Италияның Комо қаласында жасалып, теңіз мотивтерімен безендірілді. Tolda di Nave («Кеме палубасы») деп аталған бұл шәлі Gucci-дің тақырыптық ерекшелігін айқындады. 1960-шы жылдары бренд құрамына көркемдік шеберлігімен ерекшеленген суретші Витторио Аккорнеро де Теста қосылып, 80-нен астам бірегей шәлі дизайнын жасап шығарды. 1966 жылы Витторио суреттері қолмен салынған Flora шәлісін ұсынды. Суретші шәліде қырық үш түрлі гүл, өсімдік және жәндіктерді бейнелейтін көркем композицияны жасады. Бұл ерекше шарф атақты актриса Грейс Келлиге арнайы жасалған еді.

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 5 Assouline
Фото 2 из 5
Фото 3 из 5
Фото 4 из 5
Фото 5 из 5

Flora және басқа да шәлілердің тарихы «Жібек өнері» кітабында егжей-тегжейлі суреттелген. Брендтің 104 жылдығын мерекелеу тек кітап шығарумен шектелмейді. Париждің Сент-Оноре көшесіндегі бутигінде арнайы кешкі ас ұйымдастырылып, жібек шәлілердің сату шарасы өтпекші.