Miu Miu-ға тән дауыспен баяндалған әйел болмысы хроникасын өз көзімізбен көріп келдік
Өткен демалыста Нью-Йорк қаласында Miu Miu-дың Tales & Tellers көрмесі өтті. Terminal Warehouse индустриалды кеңістігі қарапайым ғана хикаялардың ордасына айналды. Арасында шыны да, өтірігі де болды. Көрме қараңғы дәлізден, қара блэкаут пердесінен басталады. Қаладан қашып шығып, дүниеге қайта келгендей боласың. Мұндағы модельдер киім ілетін ілгіш емес, олар – өзіндік сюжеті мен мінезі бар кейіпкерлер.
Жоба суретші Гошка Мацуганың күшімен, MACBA директоры Эльвира Дьянгани Осэның қатысуымен және Миуччи Праданың басшылығымен жүзеге асырылған. Түсінген шығарсыздар – іс-шараның әдемі, интеллектуалды әрі сәл де болсын үрейлі болатыны сөзсіз.
Арнайы тілшіміз, фотосуретші София Николева іс-шараның қақ ортасынан, яғни өнер, кино және сән әлемдері әйел туралы жаңа хикаяларды баяндаймыз деп бас қосқан жерден репортаж жасап әкелді.


