IMAGE Мэри Катранзу | Bvlgari

Тарихтан шабыт алып, болашақты жасау: Мэри Катранзу Bvlgari мотивтерін қайта жаңғыртуда

Өткен жылы Мэри Катранзу Bvlgari тарихында тұңғыш рет былғары бұйымдар мен аксессуарлар желісінің креативті директоры болып тағайындалды. Біз дизайнермен сұхбаттасып, брендтің тарихы мен мұрасы, Serpenti және Calla сияқты танымал мотивтерді жаңаша пайымдау және оның түп-тамырын сақтап қалу жайлы сөйлестік. Сонымен қатар, Мэри компания жұмысындағы қолөнер шеберлерінің негізгі рөлі туралы да айтып берді.

Алғашқы әсер

Бұл тағайындау мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік болды. Bvlgari-дің бай қолөнер мұрасы мен инновациясына өз үлесімді қосу – ерекше мүмкіндік. Былғары бұйымдар мен аксессуарлар римдік зергерлік үй мен күнделікті өмірдің арасын жалғайтын көпір іспетті, бұл маған ерекше шабыт береді.

Bvlgari-дің Serpenti мотиві

Осы жаңа қызметімде маған трансформация мен қайта жаңғыру символы – Serpenti-ді жаңаша пайымдауға мүмкіндік туды. Менің мақсатым – қалыптасқан шеңберден шығып, Bvlgari тарихында алғаш рет жыланның басын негізгі элементке айналдырып, оны минодьерге айналдыру болды. Дизайнның ерекшелігі – бауының жылан денесінің иірімін қайталайтын жеке тұтқасы арқылы қозғалыс пен үйлесімділікті көрсетуінде. Bvlgari-дің бай мұрасымен жұмыс істей отырып, мен оның мұрағаттары мен қолөнер шеберханаларын терең зерттеп, Serpenti мотивін жаңа деңгейде пайымдай алдым. Енді жыланның және басқа да танымал мотивтердің одан арғы эволюциясын тағатсыздана күтемін.

Tatler Asia
IMAGE Мэри Катранзу | Bvlgari

Bvlgari-дің кешкі және зергерлік сөмкелері

Bvlgari-дің әрбір топтамасы Үйдің мұрасын, оның символдары мен шеберлігін терең зерттеуден басталады. Біздің мақсатымыз – осы элементтерге жаңа леп беріп, оларды сөмкелерде, күннен қорғайтын көзілдіріктерде және басқа да былғары бұйымдарда жаңаша көрсету. Мен командамызбен кездесіп, сөмкелер жасалатын Флоренциядағы ательеге бару үшін Италияға жиі, айына екі рет сапарлаймын. Бұл шығармашылық процестің негізі – екі бағыттың, яғни зергерлік және былғары бұйымдарға жауапты командалардың тығыз қарым-қатынасы. Олар үнемі бір-бірімен идея алмасып, ортақ шешімге келеді. Осындай диалог дизайнның шекарасын кеңейтіп, әр топтаманың қолөнер шеберлігі мен инновацияның үздік үлгісіне айналуына кепілдік береді.

Tatler Asia
IMAGE Bvlgari
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Calla мотиві

Calla мотивін жасауда мен Ежелгі Римнің сәулет өнерінің ғажайыптарының бірі – Каракалла моншаларының күрделі мозаикалық едендерінен шабыт алдым. Менің мақсатым – Bvlgari-дің римдік мұрасында терең тамыр жайған, шынайы символдық мәні бар дүние жасап, былғары бұйымдарға жаңа сәулеттік элемент енгізу болды. Бұл мотив Bvlgari-дің бастауларымен ғана байланысты емес, сонымен қатар атақты Divas’ Dream зергерлік топтамасын жасауға шабыт берген мозаикалық өрнекке де сілтеме жасайды. Bvlgari-дің 2015-2016 жылдары осы ежелгі шедеврлерді қалпына келтіруге қолдау көрсеткенін ескерсек, бұл байланыстың маңызы арта түседі.

Divas’ Dream Marquise сөмкесіне Bvlgari-дің озық зергерлік мұрасы шабыт берген. Сөмкенің үшкірленген сопақ пішіні «маркиз» деп аталатын гауһар тастың қырлану әсемдігін қайталайды. Осылайша, бұл туынды Үйдің зергерлік өнердегі де, былғары ісіндегі де жоғары шеберлігіне деген құрметті білдіреді. Сөмкенің мәнерлі дизайны асыл тастардың жарқылын айнытпай жеткізеді. Топтамадағы барлық бұйымға Calla мотивінің иілген сызықтары тән. Олардың әрқайсысын Bvlgari шеберлері мұқият жасайды, бұл брендтің тек таңдаулы материалдарды қолданатынын көрсетеді.

Tatler Asia
IMAGE Calla клатчы | Bvlgari
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Ginkgo клатчы

Менің дебюттік топтамамдағы «Ginkgo» клатчы жүрегімде ерекше орын алады. Ол «Calla» символының мәнін ең таза түрінде жеткізеді. Былғары білезікке ілінген бұл клатч күрделі кезектескен «Calla» өрнегін бәрі танитын ерекше пішінге айналдырады. «Calla» мотивінің сезімтал иілген желпуіш тәрізді пішіні – нәзік, әмбебап және тартымды. Дизайн күш пен төзімділіктің символы – гинкго жапырағын, калла гүлінің сәулеттік әсемдігін және Serpenti-дің қабыршақтарын еске салады. Бұл жай ғана сөмке емес, зергерлік және аксессуарлық дизайнның бірегей тоғысы.

Tatler Asia
IMAGE Ginkgo клатчы | Bvlgari
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Bvlgari ДНҚ-сы

Мен Грекияда өскендіктен, симметрия, үйлесімділік және әрбір бұйым арқылы тарихты жеткізе білу өнерінде терең тамыр жайған Bvlgari ДНҚ-сымен әрқашан табиғи байланысты сезіндім. Үйге тән түспен шебер жұмыс істеу қабілеті және әртүрлі мәдени бағыттарды бір-бірімен үйлестіре алуы менің шығармашылық көзқарасыма өте жақын.