Levi’s пен Beyoncé страздармен, баулармен және кестемен безендірілген ковбой күртешелері мен жаңа 501® Curve джинсы шалбарын ұсынды
Levi’s бренді әйгілі әнші Beyoncé-мен бірлесіп, The Denim Cowboy науқанының финалына орай арнайы деним топтамасын таныстырды. Оған джинсы күртешелері мен 501® Curve атты жаңа үлгідегі шалбарлар енген.
Бұйымдар үш түрлі әрлеумен ұсынылған: Western Crystal (страздармен безендірілген), Laced Up (баулармен өрілген) және Authentic (кестеленген). Әрбір киім үлгісі брендтің танымал Arcuate тігісімен және Beyoncé x Levi’s былғары жапсырмасымен ерекшеленген.
Сонымен қатар, осы ынтымақтастық аясында The Denim Cowboy сериясының төртінші, қорытынды бейнебаяны жарық көрді. Онда Levi's брендінің 1980-ші және 1990-шы жылдардағы жарнамалық науқандарынан шабыт алған алдыңғы үш бөлімнің оқиғалары біріктірілген. Топтама қазірдің өзінде Beyoncé-нің ресми сайтында қолжетімді, ал Levi’s дүкендерінде жетінші тамыздан бастап сатылымға шықты.