adidas Originals-тың жаңа аяқ киім топтамасы – adiZero Goukana
adiZero Goukana кроссовкасының дизайны 2008 жылғы Adios Neftenga жүгіру кроссовкасынан және 2024 жылғы Wales Bonner-мен жасалған шектеулі коллаборациядан шабыт алған. adiZero Goukana моделі мұқият өңделген жоғары сапалы күдеріден жасалған. «Goukana» сөзі жапон тілінен аударғанда «сәнді әрі жұмсақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл сондай-ақ adiZero-ның жапондық мұрасына және оның алғашқы дизайнері – Тошиаки Омориге көрсетілген құрмет.
Кроссовканың ашық түстер палитрасы OG Neftanga моделін еске салады. Ол Лос-Анджелес мәдениеті мен автожарыс рухын білдіреді. Сондықтан дизайн жарық шағылыстыратын күміс түсті синтетикалық элементтермен толықтырылған. Бұл аяқ киім техникалық тұрғыдан жүгіруге арналмаса да, табаны Lightstrike амортизациясымен жабдықталған.
adiZero Goukana бірінші тамыздан бастап adidas сайтында және флагмандық дүкендерде сатылымға шықты.



