Saint Laurent кампейні Кейт Мосстың Лос-Анджелеске арнаған махаббат хаты іспетті
Saint Laurent 2025 жылдың күзгі топтамасына арналған Velvet Heat кампейнін таныстырды. Сюжет ортасында – Кейт Мосс, Хлоя Севиньи және Фрэнки Рейдер. Үйреншікті декорациялардың орнына – Лос-Анджелестің күні, желі мен қала көшелері. Креативті директор Энтони Ваккареллоның айтуынша, бұл түсірілім Кейт пен Лос-Анджелестің арасындағы махаббат хатына айналған.
Кампейнді фотограф Мерт Алас түсірген. Оның кадрлары тірі көзқарасты, еркін қозғалысты және аптап ыстық күннің атмосферасын жеткізеді. Кампейннің көңіл-күйі Кейттің мына сөздеріне сілтеме жасайды: «I run through cities to forget my name» (ағыл. – «Мен өз есімімді ұмыту үшін қаладан қалаға жүгіремін»). Бұл – бас сауғалау, еркіндік және бәрін басынан бастауға деген ұмтылыс рухын білдіреді.