IMAGE Frankies Bikinis x Bella Hadid | frankiesbikinis.com

Белла Хадид таңдауы және Дуа Липаның сүйікті бренді: осы жаздың ең өзекті суға түсетін киімдерін топтастырдық

Бикини ханшайымы Дуа Липа Instagram парақшасын алақандай бикини киген суреттерімен толтырып үлгерді. Демек, жағажай маусымы басталды! Жұмыс чаттарын бір сәтке ұмытып, күннен қорғайтын креміңізді жағып, күннің көзіне қыздырынуға дайындалыңыз. Егер спорттық стильді ұнатсаңыз, Sporty & Rich көңілден шығары сөзсіз. Ал жағажайда атпен серуендеуді жоспарласаңыз, Белла Хадид пен Frankies Bikinis ұсынған көз тартарлық бикиниге назар аударыңыз. Сәнді тәжірибеден қорықпайтын жандарға GCDS-тің тоқылған киімдері мен Oceanus-тың моншақты топтамаларын ұсынамыз.

Жазды жарқын өткізгіңіз келсе, ең әсерлі образдардың толық топтамасын біздің осы материалымыздан шолып шығыңыз.

Frankies Bikinis x Bella Hadid

Бір кездері Анна Винтур атқа мінуге арналған костюмді Белла Хадидтің ең үздік образы деп атаған еді. Біз онымен келісеміз. Алайда «ранчо аруы» стилін қайталау үшін қалың шалбар мен арнайы етік кию шарт емес. Белланың Frankies Bikinis-пен бірлескен топтамасы бұл образға жаңаша леп береді: деним, баулар, кесте және желбіршектер. Барлығы Жабайы Батыс рухына сай.

Tatler Asia
IMAGE Frankies Bikinis x Bella Hadid | frankiesbikinis.com
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

GCDS x Hello Kitty

Бүкіл әлем Лабубу туралы айтып жатқанда, GCDS бізге нөлінші жылдардың сүйікті кейіпкерін еске салады. Hello Kitty жиынтығы жағажайда барлық ұяңдықты ұмытып, көпшіліктен ерекшеленуге қорықпайтындарға арналған. Бұл ретте басты шабыт көзі – жарқын бикинилердің ханшайымы Дуа Липа, әрине.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @gcdswear | gcds.com
Tatler Asia

Skims

Ким Кардашьянның ойынша, Skims брендінің басты артықшылығы – минималистік дизайн мен денеге мінсіз үйлесуі. Көп еңбек арқылы қол жеткізген сымбатты денені дәл осы шомылу киімі айрықша етіп көрсетеді. Дегенмен спортзалға бару әзірге тек ойыңызда болса да, уайымдамаңыз: Skims бәрібір денеңізге керемет қона кетеді.

Tatler Asia
IMAGE Skims | skims.com
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Sporty & Rich

Егер сіз үшін спорт өмір салты болса, Sporty & Rich брендінің суда жүзуге арналған киіміне назар аударыңыз. Бұл үлгіде артық ештеңе жоқ, тек таза энергия сезіледі: Уимблдон корттарындағы сызықтар секілді анық түстер мен мінсіз ақ жиек.

Tatler Asia
IMAGE Sporty & Rich | sportyandrich.com
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Isa Boulder

Isa Boulder бренді суға тек жүзу үшін емес, көпшіліктің көзіне түсу үшін киінетін жандарға арналған топтамалар дайындайды. Боттичеллидің атақты «Венера» картинасын еске алыңыз, енді оны опа түстес атлас матамен елестетіңіз. Брендтің эстетикасы осындай.

Tatler Asia
IMAGE Isa Boulder | isaboulder.com
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Oceanus

2025 жылғы жағажай сәнінің басты ерекшелігі – мата бетіндегі теңіз көріністері. Oceanus бұл көріністерді кесте мен моншақтар арқылы жасайды: күн сәулесінің шағылысы, ұлу қабыршақтары мен рифтер – бәрі мұхит түбіндегідей әсер қалдырады.

Tatler Asia
IMAGE Oceanus | oceanusthelabel.com
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Jean Paul Gaultier

Демалыста да жоғары сәнге адалсыз ба? Онда сән әлемінің бас бүлікшісі жасаған «жалаңаш» үлгідегі киімде өзіңізді нағыз муза секілді сезініңіз. Осы киіммен сіз кез келген жерді подиумға айналдырасыз.

Tatler Asia
IMAGE Jean Paul Gaultier | fashion.jeanpaulgaultier.com
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Missoni

Mamma Mia! Here I go again! Италиялық Missoni бренді – романтикаға толы еуропалық демалыс үшін таптырмас таңдау. Күндіз жағажайда жатып, бір мезгіл күнге әдемілеп күю үшін брендтің танымал ирек өрнегі бар ақ бикиниін киген жөн. Ал кешке бассейн жағасындағы думанды кештерде жарқырап жүру үшін олардың жылтыр топтамасын таңдаңыз.

Tatler Asia
IMAGE Missoni | missoni.com
Tatler Asia

Темы