Skims пен Roberto Cavalli-дің жазғы жаңа топтамасы көпшілік назарына ұсынылды
Roberto Cavalli-мен бірлескен бұл топтама аса тартымды әрі батыл шыққан. Экзотикалық принттердің өзінен-ақ ыстық леп сезіледі. Ким Кардашьянның пікірінше, бұл – Skims-тің әдеттегі ұстамды тұжырымдамасы үшін күтпеген шешім. Ким: «Негізі, біздің брендтің басты ерекшелігі киімнің денеге мінсіз отыруы мен сапалы материалында. Алайда демалыс кезінде кейде бұдан да ерекше, жарқын дүниені кигің келеді», – деп мәлімдеді. 27 маусымда сатылымға түсетін жаңа топтама шомылу киімдері, жеңіл жамылғылар мен көйлектерден тұрады. Олардың барлығы итальяндық сән үйіне тән үш классикалық өрнекпен – зебра, гүл және жолбарыспен безендірілген. Соңғысын Ким Кардашьян Мексикадағы саяхатының құрметіне таңдапты. Сол сапарда ол жолбарыс бейнеленген көйлек киген екен.

Осылайша ескі демалыс суреттеріне қарап отырып, бизнес-ханымның ойына атақты сән үйімен бірлесіп жұмыс істеу идеясы келеді. Бұл ой ұзақ талқыланбай, тез жүзеге асқан: Ким Instagram арқылы Фаусто Пуглисидің өзіне тікелей хабарласады. Roberto Cavalli-дің креативті директоры бұл ұсынысқа қатты қуанып, еркіндік пен италиялық сұлулықты Кардашьяндай ешкім жеткізе алмайтынын айтып, тамсанады. Ким де оның бұл сөзін қостап, жарнамалық науқанға анасы Крис Дженнерді шақырды: «Анамның қатысқаны өте маңызды, себебі оның көркіне ешкім тең келмейді».