IMAGE Hublot MP-17 Meca-10 Arsham Splash Titanium Sapphire | Hublot

Hublot мен америкалық суретші Дэниел Аршамның бірлесіп жасаған жаңа сағат үлгісі туралы баяндаймыз

Hublot-ның «Art of Fusion» философиясы мен суретші Дэниел Аршамның уақыт тақырыбын зерттейтін шығармашылығы бір арнада тоғысты. Осы бірегей ынтымақтастықтың нәтижесінде MP-17 Meca-10 Arsham Splash Titanium Sapphire сағаты дүниеге келді. Оның дизайны су тамшысының мінсіз геометриясынан шабыт алған. «Конструкция судың қозғалысын қайталайды – салмақты, дәл және әрқашан құбылмалы», – деп атап өтеді америкалық суретші.

Сапфир шынысы, титан және каучуктың үйлесімі Hublot-ның Art of Fusion философиясына деген адалдығын көрсетеді. Сағат дизайны классикалық модельдерге сілтеме жасайды: безель мен артқы қақпақтағы фирмалық Н-тәрізді бұрандалар, сондай-ақ титаннан жасалған жиналмалы ілгек сақталған. MP-17 Meca-10 Arsham Splash Titanium Sapphire сағаты 99 данамен шектеулі тиражбен шығарылып, Hublot бутиктері мен ресми дилерлерде қолжетімді.

Tatler Asia
IMAGE Hublot MP-17 Meca-10 Arsham Splash Titanium Sapphire | Hublot
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia