Римдегі виа Кондотти көшесінде орналасқан аты аңызға айналған Bvlgari бутигіне сілтеме жасайды
Esentai Mall-дағы Bvlgari бутигі осы жазда жаңартылған форматта қайта ашылды. Енді ол бұрынғыдан да жарық әрі кең. Кеңістік екі есе үлкейген, ал еденнен төбеге дейінгі сөрелер бренд эстетикасына толықтай еніп кету әсерін береді. Римдік зергерлік-сағат үйінің атмосферасын алтын түстес шафран реңктері, травертиннен жасалған портал мен панельдер және Римдегі виа Кондотти көшесіндегі тарихи BVLGARI бутигіндегі сияқты фирмалық аспалы шамдар ерекшелеп тұр.
Жаңа топтамалар мен эксклюзивті сирек туындылардың ішінде аты аңызға айналған Tubogas коллекциясының жаңартылған әшекейлері бар. Сондай-ақ, биыл автоматты механизмге ие болған Serpenti Seduttori сағаттары да ұсынылған. Топтаманы BVLGARI үйі үшін ерекше маңызды символ – мәңгі жас Жылан бейнесінен шабыт алған жоғары зергерлік өнер туындысы Serpenti сағаттары толықтырады.



