Тоғыз өмірің болса, әрқайсысында неге сәнді брендтің бетбейнесі болмасқа?!
Көк көзді Шупетт Hublot-ның Big Bang коллекциясының 20 жылдығына арналған Own It жарнамалық кампаниясының музасына айналды. Иә, бұл – өзінің жеке аспазынан бастап, жеке қызметкерлері, Goyard сөмкелерінің жеке коллекциясы және тіпті Met Gala-ға қатысуға дейін барлық жағдайы жасалған әйгілі Карл Лагерфельдтің бирмалық сұлу мысығы. Ал енді оның сағат брендімен де келісімшарты бар.
Кампанияның фотографы Карлейн Джейкобс болды. Фотосуреттерде Шупетт Big Bang Red Magic жаңа шектеулі моделінің жанында сән-салтанат құрып тұр. Корпусы қанық қызыл түсті фирмалық керамикадан жасалған, диаметрі – 43 мм. Ішінде 72 сағатқа дейін қуат қоры бар HUB1280 Unico автоматты механизм орнатылған. Циферблат шахмат тақтасына ұқсатып жасалған. Бұл – стратегияға, бақылауға және дәл есептеудің эстетикасына сілтеме. Топтамаға Big Bang моделінің басқа да ашық түсті нұсқалары кірді. Толық ақпарат бір ай ішінде белгілі болады.

