Lifestyle|Arts

HAUS NOWHERE SEOUL: Ритейл мен өнердің тоғысқан мекені

Автор Егор Ходаков
11.09.2025
Instagram @hausnowhere
IMAGE Instagram @hausnowhere

Сеулдегі HAUS NOWHERE кеңістігіндегі ұйықтап жатқан алып такса, үрейлі механизмдер және басқа да инсталляциялар

Сеулде HAUS NOWHERE SEOUL атты концептуалды кеңістік ашылды. Бұл – Gentle Monster брендін басқаратын IICOMBINED компаниясы қолға алған Future Retail бастамасының алғашқы жобасы. Үш қабатты мәдени платформада көркем инсталляцияларды, Gentle Monster, Tamburins, ATiiSSU және Nuflaat брендтерінің топтамаларын тамашалап, Nudake-нің эксперименталды десерттерінен дәм татып, сондай-ақ брендтермен қарым-қатынастың жаңа форматтарын сезінуге болады.

HAUS NOWHERE SEOUL кеңістігінде Tamburins брендінің Sunshine парфюмерлік топтамасы ұсынылған. Оған арналып, ұйықтап жатқан алып такса бейнесіндегі инсталляция жасалған. Gentle Monster-дің BOLD топтамасы монументалды механикалық конструкциялардың ортасында орналасқан. ATiiSSU үшін бұл мекен екінші дүкенін ашатын алаңға айналып, онда Tracker Collection бас киімдер желісінің дебюті өтті. Ал жаңадан құрылған Nuflaat бренді кеңістікте сәнді асхана бұйымдарының топтамасын ұсынды.

Instagram @hausnowhere
IMAGE Instagram @hausnowhere
HAUS NOWHERE SEOUL: Ритейл мен өнердің тоғысқан мекені
HAUS NOWHERE SEOUL: Ритейл мен өнердің тоғысқан мекені
HAUS NOWHERE SEOUL: Ритейл мен өнердің тоғысқан мекені
HAUS NOWHERE SEOUL: Ритейл мен өнердің тоғысқан мекені
HAUS NOWHERE SEOUL: Ритейл мен өнердің тоғысқан мекені

HAUS NOWHERE SEOUL кеңістігінің жүрегі – суретші Макс Зидентопфтың More Is More жұмысы. Бұл жүздеген қара пластик пакеттен тұратын инсталляция, оның үстінен қарт андроидтың гиперреалистік мүсіні төніп тұр.