Lifestyle|Arts

Viled & Tatler Celebrating Nauryz қайырымдылық аукционы өтті

Автор Индира Тлегенова
10.04.2025
Тимур Епов
IMAGE Тимур Епов

Арал теңізін қалпына келтіру қорына қанша қаражат жиналғаны туралы мақаламыздан оқи отырыңыз.

Жылдың алғашқы іс-шарасын Tatler редакциясы барша халықты (әсіресе Алматыдағы игі жақсыларды) алаңдататын тақырыпқа арнады. Viled & Tatler Celebrating Nauryz қайырымдылық аукционы «Freedom Шапағат» қоры мен оның Арал теңізін қалпына келтіруге бағытталған ауқымды бағдарламасын қолдауға арналды. Осылайша жылды сауапты іспен бастауды жөн көрдік.

Кеш бойы жұрттың назары «Менен кейін» атты арт-жобада болды. Жас қазақстандық суретшілер – Мөлдір Қарубайқызы, Savage Qyz, Аружан Жұмабек және Мика Барни көшпелі мәдениеттің басты атрибуттарының бірі сандықты жаңаша көзқараспен бейнелеп, оны заманауи өнер туындыларына айналдырды. Осы бірегей жұмыстар аукционда да саудаға түсті.

Кеште көздің жауын алатын декорация, ұлттық элементтері бар black tie дресс-коды және алғашқы лот үшін болған шынайы тартыс көптің есінде қалса керек. Қонақтар киіп келген киіміне ерекше көңіл бөліп, бірі ұлттық әшекейлер мен орамал тақса, енді бірі классикалық қара көйлекке «ұлттық элемент» ретінде қазақ күйеуін ертіп келіпті. Мәселе киімде емес, ниетте дестік.

Viled & Tatler Celebrating Nauryz қайырымдылық аукционы өтті
Viled & Tatler Celebrating Nauryz қайырымдылық аукционы өтті
Viled & Tatler Celebrating Nauryz қайырымдылық аукционы өтті
Viled & Tatler Celebrating Nauryz қайырымдылық аукционы өтті
Viled & Tatler Celebrating Nauryz қайырымдылық аукционы өтті
Viled & Tatler Celebrating Nauryz қайырымдылық аукционы өтті
Viled & Tatler Celebrating Nauryz қайырымдылық аукционы өтті
Данара Усманова, Зәуре Розмат, Айнұр Көпбасарова
Марина Яковлева
Данара Усманова және Андрей Копытин
Алена Шенесары және Индира Шагирова
Ұлбану Әбдірахманова, Жанара Сырғабаева
Ксения Шенцова, Лариса Пай
Татьяна Шумилина
Айнұр Көпбасарова мен Зәуре Розмат
Аида Әшімова
Ілияс Әукебаев
Ғазиза Шабдарбаева
Алексей Чжэн және Лилия Рах
Артем Лебедев
Гүлжан Елемесова және Лина Лю
Айнұр Тұрғанбаева, Гүлнар Құнанбаева, Айгүл Ибраимова, Индира Шагирова
Юлия Молдабергенова
Ботагөз Қуанышева, Аянат Аман
Тимур Төлеу
Наргиз Әбдірахманова мен Әйгерім Жақып
Камилла Сейсебаева
Заррина Сламқұлова
Данияр Алшынов
Жібек Дамирова
Валентина Дурумбетова
Динара Умарова, Дәурен Тапалов, Әйгерім Байкенова
Алексей Жен және Мария Подгорбунская
Әсем Беделова, Юлия Төлеу, Анара Кукиева, Ксения Шенцова, Мария Подгорбунская
Мария Подгорбунская, Ғазиза Шабдарбаева, Валентина Дурумбетова
Бақтияр Беркін өнерпаздар Аружан Жұмабек пен Саваж қызбен
Әлихан Мұсатаев
Шаттық Жұмағалиева, Майгүл Ахтанова, Сәния Жақыпова
Зарина Низамутдинова
Алексей Распопов
Елизавета Балакаева
Азиза Айбадуллина, Катерина Кнауб
Аида Іңкәрбаева, Валентина Дурумбетова
Николай Усков
Роман Хан, Антуан Димитров
Ксения Шипилова
Екатерина Серебряная
Анара Кукиева
Софья Тасмағамбетова, Әсел Тасмағамбетова
49 фотоның / 1 фотосы

Әдетте қоғам назарынан тыс қалатын филантроп Әсел Тасмағамбетова бұл жолы өзі қатысып, көпшілікті қуантты. Ал Лилия Рах фотоколда жылт етіп көрінді де, кешкі асқа дейін ізім-ғайым жоқ болып, шаруаларына кетіп қалды. Балқаймақ, кім білсін, кестесіне сыймай қалған шығар.

Данара Усманова
Марина Яковлева
Анара Кукиева
Андрей Копытин
4 фотоның / 1 фотосы Данара Усманова

Sun Group ұсынған кешкі ас та ерекше есте қалды: Жылқы етінен тартар, шаян қосылған долма мен балқаймақ қосылған балмұздақ – ұлттық реңкі бар жеңіл әрі дәмді мәзір. Alma Wine ұсынған шараптар тағамдармен мінсіз үйлесіп, тіпті қазы мен бургундия бір-бірі үшін жаралғандай әсер қалдырды.

Данияр Алшынов
IMAGE Данияр Алшынов

Аукционды актер Данияр Алшынов жүргізді. Жиылған жұртты суырып-салмалығымен тәнті етті. Сандықтар тоқтаусыз сатылып жатты. Суретші Мөлдір Қарубайқызының туындысы үшін Ксения Шипилова мен Николай Усковтың телефонынан шыққан жұмбақ дауыстар қырықпышақ болып таласып, соңында сол құпия дауыстың біреуі жеңіске жетті. Кеш соңына дейін 22,5 миллион теңге ақша жиналды, бұл сома толықтай «Freedom Шапағат» қорына аударылады.

Ақша игі істерге жұмсалып, кеш қызықты өтіп, келген қонақтар мейлінше ләззат алса, шапанды да қалауыңызша іле келсеңіз, осының өзі бір ғанибет емес пе?!.

📸 Фотоларды Тимур Эпов пен Влад Семеновтың сілтемелері арқылы көруге болады.