Актер Есентай Ниязбаев «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» үшін марапатқа ие болды
Қазақстандық «Жезтырнақ» фильмі 8-13 шілде аралығында Жапонияның Сага префектурасындағы Карацу қаласында өткен Karatsu халықаралық кинофестивалінің финалына шықты. Фестиваль қорытындысы бойынша актер Есентай Ниязбаев «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» жүлдесіне лайық деп танылды.
Қазақ аңыздарына негізделген мистикалық драма жапон тіліне аударылып, халықаралық бағдарлама аясында арнайы көрсетілімде ұсынылды. «Қазақ мифологиясын әлемдік сахнада таныстыру – біз үшін зор мәртебе. Кино мәдениет пен дәстүр туралы баршаға түсінікті тілде ой жеткізе алатынына сенеміз», – деп атап өтті фильм авторлары.