IMAGE Лорен Санчес | Getty Images

Лорен Санчестің Джеймс Бондтың жаңа серігі ретіндегі ықтимал рөлі туралы баяндаймыз

Венецияның суын шайқаған дүрмекті тойдан бері екі ай өтсе де, Лорен Санчес сыйлыққа кенелуден көз ашпай келеді. Бұл жолы оның жаңа қосылған қосағы, миллиардер Джефф Безос сүйіктісіне Бондтың серігі рөлін алып беруге бел буған көрінеді. Оның бұл рөлге тағайындалып қалуы да ғажап емес, себебі актриса бұған дейін «Бойцовский клуб», «Послезавтра» және «Мы купили зоопарк» сияқты танымал фильмдерде бой көрсеткен. Әзірге нақты шешім қабылданбаса да, Безостың бұл мақсатына жетуге барын салып жатқаны туралы сыбыс тарады. Бұл мақсатының орындалуына оның мүмкіндігі де зор. Себебі 2022 жылы кәсіпкер Metro-Goldwyn-Mayer компаниясын 8,5 миллиард долларға сатып алып, сол арқылы Джеймс Бонд туралы франшизаның тізгінін өз қолына алған болатын.