София Коппола Марк Джейкобс туралы деректі фильм түсірді
София Коппола үшін бұл жыл шығармашылыққа толы болды. Режиссер «Девственницы-самоубийцы» фильмінің 25 жылдығына орай мұрағаттық фотосуреттермен монография шығарып, Chanel тарихы туралы кітаппен және подкастпен жұмыс істеді. Сонымен қатар, ол қыздары Роми және Косимамен бірге сән көрсетілімдеріне жиі қатысып жүр. Енді, белгілі болғандай, ол Марк Джейкобс туралы фильм түсіріп үлгерген. Фильмнің «Marc by Sofia» атауы Marc by Marc Jacobs топтамасына жасалған құрмет белгісіндей естіледі. Туынды 2025 жылдың тамыз айында Венеция кинофестивалінде конкурстан тыс көрсетілмек.
Бұл дизайнер мен режиссердің алғашқы бірлескен жұмысы емес – София Коппола көптен бері америкалық модельердің досы әрі шабыттандырушысы болып келеді. Бұл жоба екеуінің де шығармашылығында жаңа кезең ашты: София алғаш рет деректі фильм форматында жұмыс істесе, Марк алғаш рет көпшілікке өзінің жеке өмірінің сырын ашады.