IMAGE «Шрек» мультфильміндегі Есек | imdb.com

Бұл туралы «Шрек» мультфильмінде Есекті дыбыстаған Эдди Мерфи хабарлады

Қазіргі таңда «Шрек» мультфильмінің бесінші бөлімі түсіріліп жатыр. Премьера 2026 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Өз рөлдеріне Майк Майерс (Шрек), Кэмерон Диас (Фиона) және Эдди Мерфи (Есек) қайта оралады. Сондай-ақ, кастқа Зендея қосылды – ол Шрек пен Фионаның қызын дыбыстайды.

Есек туралы спин-оффты түсіру жұмыстары осы жылдың қыркүйегінде басталады. Мұны Эдди Мерфи ScreenRant-қа берген эксклюзивті сұхбатында растады. Спин-оффта Есектің, оның әйелі айдаһардың және олардың балаларының хикаясы баяндалады. Есек пен Айдаһардың жұбы әрдайым таңғаларлық болып, көп сұрақ тудыратын. Толықметражды фильм осы сұрақтардың біразына жауап береді деп үміттенеміз. Айта кету керек, бұған дейін «Етік киген мысық» туралы екі спин-офф шығып үлгерген. Біздің ойымызша, Шректің жан досы да жеке фильміне әбден лайық.