IMAGE Доминик Маклафлин (Харри Поттер) | HBO

HBO стримингтік сервисінің өкілдері «Харри Поттер» сериалының түсірілімінен алғашқы фотосуретпен бөлісіп, жаңа актерлерді таныстырды

Ұлыбританияда «Харри Поттер» сериалының түсірілімі басталды. Осыған орай HBO компаниясы Харри Поттер рөліндегі жас Доминик Маклафлиннің алғашқы кадрын ресми түрде ұсынып, болашақ сериалдың актерлік құрамындағы жаңа есімдерді таныстырды.

Басты үш кейіпкерді Доминик Маклафлин (Харри Поттер), Арабелла Стэнтон (Гермиона Грейнджер) және Аластер Стаут (Рон Уизли) ойнайды. Ал ересек кейіпкерлердің рөлдерін «Эмми» сыйлығының иегері Джон Литгоу (Альбус Дамблдор), «Оскар» сыйлығының номинанты Джанет Мактир (Минерва Макгонагалл), Паапа Эссьеду (Северус Снегг) және Ник Фрост (Рубеус Хагрид) сомдайды.

«Харри Поттер» сериалының актерлік құрамында сондай-ақ Кэтрин Паркинсон (Молли Уизли), Локс Пратт (Драко Малфой), Джонни Флинн (Люциус Малфой), Лео Эрли (Симус Финниган), Алессия Леони (Парвати Патил), Сиенна Муса (Лаванда Браун), Бел Паули (Петуния Дурсль), Дэниэл Ригби (Вернон Дурсль), Берти Карвел (Корнелиус Фадж), Рори Уилмот (Невилл Лонгботтом), Амос Китсон (Дадли Дурсль), Луиза Брили (мадам Трюк) және Антон Лессер (Гаррик Олливандер) бар. Профессор Квирреллді театр актері Люк Таллон, ал шаруашылық меңгерушісі Аргус Филчтің рөлі Пол Уайтхаусқа бұйырды.

Сериалдың шоураннері – Франческа Гардинер («Succession»), ал атқарушы продюсерлердің бірі – жазушының өзі, Джоан Роулинг. Жазушының топтамасындағы әрбір роман жеке бір маусымға бейімделетін болады. «Харри Поттер» сериалының премьерасы 2027 жылға жоспарланған.