IMAGE Your Friends & Neighbors | Apple TV

Your Friends & Neighbors сериалында байды бай тонайды. Абай болыңыз: спойлерлер

Мінсіз қылмыс жасап, жазадан аман қалу мүмкін бе? Your Friends & Neighbors («Достарың мен көршілерің») сериалында бұл мүмкін болып көрінеді. Бас кейіпкер достары мен көршілерінен ауқымды kettle коллекциясына тиесілі сағат не шашылып жатқан Cartier білезіктері сынды ұсақ-түйек ұрлайды. Бұлардың жоғалғанын ешкім байқамайды да, себебі қымбат зат тым көп.

Ұрымыз – бұған дейін хедж-қордың басшысы болған, әйелінен ажырасқан Эндрю Куп Купер (Джон Хэмм). Ол $200 мың тұратын Maserati-ге мініп алып, көршісінен ұрлаған Patek Philippe сағатын тағып жүреді. Куп бай достарының үйлеріне оңай кіреді, өйткені ол кімнің қай уақытта Белизге ұшып кететінін біледі. Бұл ақпаратты қала сыртындағы клубта таңғы ас ішетін достарының өздері береді. Куптың достары мен көршілері қауіпсіз ауданда тұрады. Дабыл қаққыш жүйе үнемі қосылып тұрады деп айтуға болмайды, есік те кейде ашық қалып жатады. Бірге гольф ойнап, алып бассейнінің жанында туған күн тойлайтын Купты ұры деп кім айтады?

Куп бұл жолға қалай түсті дейсіз бе? Жалпы алғанда бәрі қарапайым болып көрінеді: жұмыссыздық, бұрынғы әйелі мен екі жасөспірім баласына беретін көлемді алименті, асқан байға тән қылықтардан бас тартудың күрделілігі. Алғаш рет ұрлық жасап, досының гардеробында қараусыз жатқан ақшаны алғанда, Купқа қолында бір билік пайда болғандай көрінеді. Отбасымен, жұмысымен бірге ғайып болған билік қой. Әрине, ұрланған затты сатқаннан келетін ақша ипотеканы жабады. Алайда ұрланған сағат Куптың өміріне бір оғаш құмарлық әкеледі. Әлем қайта жанданғандай болады.

Шоудың цинизмі: әр ұрланған заттың жарнамалық интеграцияға ұқсайтын өзіндік көрінісі бар. QVC (америкалық Quality Value Convenience теледүкені) жүргізушісіне ұқсаған Куп олжасына қатысты өткір әрі көкейкесті пікір айтып отырады. Кей кезде бұл антижарнама ма әлде ғажап product placement пе деп қаласың... Mad Men сериалында жарнама данышпаны рөлін сомдаған Джон Хэмм зат сатуға қайта кірісті. Алайда бұл жолы ол бөтен адамның заттарын сатады.

Ақ алтыннан жасалып, көгілдір циферблатпен әрленген Patek Philippe Nautilus сағаты

Куптың алғашқы жазасыз қалған ұрлығы досының гардеробындағы ақша болды. Одан кейінгі олжасы – Patek Philippe сағаты. Куп оны сипаттай жөнеледі: ақ алтын, 30 метр тереңдікке дейін судан қорғау жүйесі, беделді түс. Сосын ол иығын қиқаң еткізеді де: «Бұл өзі кімге керек?» – дейді.

Жарнама былай дейді ғой: «Сіз Patek Philippe-ті иеленбейсіз. Сіз оны болашақ ұрпаққа арнап сақтайсыз».

«Болашақ ұрпақ телефондағы сағатқа қарайды. Олар мынаны керек те қылмайды», – деп тәмамдайды Куп.

Tatler Asia
IMAGE Your Friends & Neighbors сериалынан алынған кадр | Apple TV

Қызғылт алтыннан жасалып, ашық титан механизммен жабдықталған Richard Mille Felipe Massa сағаты

Келесі олжа – гольфтағы серігі Брэдтің $225 мың тұратын сағаты. Эндрю досының бұл сағатты таққанын біраз уақыт бойы көрмеген. «Ұмытып та кеткен шығар», – дейді Куп. Қымбат «бәледен» тұратын музейде тұратын адамға қабырғасында ілінген не жәшікте жатқан заттарын еске алу қиынға соғады.

Tatler Asia
IMAGE Your Friends & Neighbors сериалынан алынған кадр | Apple TV

Domaine D’Auvernay Chevalier-Montrachet Grand Cru шарабы

Куп бұл шарапты адвокат досының шкафында тығылып отырып көріп қалады. Досы үйіне жас көңілдесімен бірге күтпеген жерден келіп қалады. Ләззат алауына оранған досының жан айқайы шығып жатқанда Куп көрермендерге бұл шараптың «Бургундия патшайымы» – Лалу Биз-Леруа иеленген жүзімдіктің 2013 жылғы өнімінен жасалғанын айтады. Елдің айтқанына сенсек, Лалу сабақтармен жан иесімен сөйлескендей тілдеседі-міс. «Әрине, қоқиған энофилдерге арналған таңдаулы далбаса. Бір бөтелкесінің 32 мың доллар тұратынының сыры осында», – деп Эндрю шарап индустриясының негізі болған күркенің быт-шытын шығарады.

Tatler Asia
IMAGE Your Friends & Neighbors сериалынан алынған кадр | Apple TV

Hermès ұсынған Birkin сөмкесі

Куп Birkin сөмкесін «мәртебенің ең бір жиіркенішті әрі қалаулы нышаны» деп атайды. Иесінің Birkin-ді ұстамағанына біраз болғанымен (консультантқа сөмкенің түсі үшін ренжіп қалған болатын), ол өз коллекциясын дабыл қаққыш жүйесімен жабдықталған тұғырдың үстінде сақтайды. Ұрлық, әрине, сәтсіз болды. Сөмкелердің бірі итке жем болғаны – тұнып тұрған ирония.

Tatler Asia
IMAGE Your Friends & Neighbors сериалынан алынған кадр | Apple TV

Рой Лихтенштейннің картинасы

Робин Гудымыз байлардың талғамын жаратпайды. «Олардың өнерге түкіргені бар», – дейді. Олар Лихтенштейн мен Кунсқа «стильді инвестиция» деп қарап, өздерін коллекционер атайды. Бас кейіпкеріміздің мінсіз схемасын дәл осы картина бұзады. Бірге жұмыс істеп жүрген алыпсатары оған: «Өнерге қол сұқпа!» – деп ескерту жасайды. Алайда Куп өз-өзіне тым қатты сенеді емес пе? Оқиғаның немен аяқталары анық. Жазаланбайтын қылмыс жоқ.

Tatler Asia
IMAGE Your Friends & Neighbors сериалынан алынған кадр | Apple TV

Темы