Lifestyle|Travel

Ikos Olivia отелі: үнсіз сән-салтанаттың қайта жаңғыруы

Автор Анель Танкибаева
03.06.2025
Ikos Olivia
IMAGE Ikos Olivia

Ikos Olivia отелі туралы әңгімелейміз

Гректің Халкидики түбегінде Ikos Olivia отелін қалпына келтіру жұмыстары тәмамдалды. Бұл жаңалық компанияның мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. 2025 жылы Ikos Resorts өзінің он жылдығын атап өтеді. Нөмірлер, қоғамдық орындар және басқа да кеңістіктер жаңартылды. Сондай-ақ Жерорта теңізі тағамдарын әзірлейтін The Garden мейрамханасы мен Potami бары ашылды. Айта кетейік, бұл бардан ең үздік миксологтар ұсынған ерекше коктейльдерді табуға болады. Ikos Olivia – қала қарбаласы мен адамдардан демалатын жер. Мұндағы нөмірлердің жеке бассейндері, бақшалары және жағажайға шығатын оқшауланған жерлері бар. Люкс санатындағы нөмірлерге тоқтаған қонақтарға ас та төк шампан, спа процедуралары және жеке консьерж қызметтері ұсынылады.

Ikos Olivia
Ikos Olivia
Ikos Olivia
Ikos Olivia
Ikos Olivia
Ikos Olivia
Ikos Olivia
Ikos Olivia
8 фотоның / 1 фотосы Ikos Olivia

Отель еркін сән-салтанат жырын жырлайды. Қашықтан жұмыс істеуге болатын жер деп ойлаймыз. Ноутбукты құшақтап, ағаштың түбіне жайғасып, теңіздің үніне тәнті болып мақала жазғың келіп кетеді.