The Spa Metropole by Guerlain-дегі жан тыныштығы мен премиум қарапайымдылық
Guerlain Монакода ашылған жаңа спа-салоны туралы ақпарат берді. The Spa Metropole by Guerlain «Мишлен» жұлдыздарына ие болған ресторанға барып, Кристоф Кюссак ұсынған тағамдардан дәм татып, дизайнын Карл Лагерфельд сызған бассейнде жүзуге болатын Metropole Monte-Carlo отелінде орналасқан.
Спа-кеңістіктің дизайны Itani & Courtois студиясына тиесілі. Мұндағы тастар, өңделмеген ағаш, жылы реңкті жарық және жұмсақ түстер жан тыныштығы, премиум қарапайымдылық және айқын минимализм атмосферасына бөлейді. Қызметтер арасынан ерлерге, балаларға және жұптарға арналған процедураларды, Бастьен Гонсалес ұсынған маникюр мен педикюрді, сондай-ақ саунаны, хаммамды және фитнес-залды байқауға болады. The Spa Metropole by Guerlain-ге барудың үш себебі бар. Біріншіден, Monaco Glow – ақ кварц, мақта перде, тыныштандыратын массаж және Guerlain ұсынған макияж. Екіншіден, Puissance du Rocher – созу, буын гимнастикасы және таспен массаж жасау элементтері бар бұлшық етті бабына келтіру әдісі. Үшіншіден, Golden Sand – жылы кварц тастарымен жасалатын массаж.