Теннис жұлдызы Серена Уильямс GLP-1 инъекцияларының көмегімен салмақ тастағанын мойындады
Атақты теннисші Серена Уильямс Ro медициналық компаниясының жаңа амбассадоры атанып, салмақ тастау үшін GLP-1 инъекцияларын пайдаланғанын ашық айтты. Бұл науқан аясында ол осы терапияға қатысты жеке тәжірибесімен бөлісті.
Спортшының айтуынша, ол сегіз айдың ішінде 14 келі салмақтан арылған. Тіпті дұрыс тамақтану мен тұрақты жаттығулардың өзі мұндай нәтижеге жеткізбеген. Екінші қызы дүниеге келгеннен кейін Серена Уильямске бұрынғы формасына оралу қиынға соғып, ақыры осы терапияға жүгінуді шешкен. «Егер үнемі барын салып жаттығатын мен сияқты кәсіби спортшының өзіне көмек қажет болса, бұл басқа адамдарға да оңай емес екенін білдіреді. Әрбір адам өзіне қажетті емді алуға лайық», – деп ойын түйіндеді Уильямс.
GLP-1 инъекциялары арқылы емделуге жарамды екеніңізді Ro-ның ресми сайтынан біле аласыз.