UNICEF-тің «Шексіз армандар» қайырымдылық кеші жасөспірімдердің психикалық денсаулығына арналған ұлттық бағдарламаға қаражат жинайды
28 қарашада The Ritz-Carlton Almaty қонақүйінде UNICEF ұйымының «Шексіз армандар» атты қайырымдылық гала-кеші өтеді. Іс-шара жасөспірімдердің психикалық денсаулығына арналған. Бұл бастама өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту, қауіпті белгілерді ерте анықтау, соның ішінде шалғай аймақтарда терапиялық сессиялар өткізу сияқты бағыттарды қамтиды. Жоспар бойынша 50,5 мың маман оқытылып, 140 мың жасөспірімге қолдау көрсетіледі, ал 10 мыңға жуығына атаулы көмек беріледі.
Кештің жүргізушілері – комик Нұрлан Сабуров пен Динара Сәтжан. Сондай-ақ, сахнада ALEM тобы мен Александр Лим өнер көрсетеді. Кештің шарықтау шегі – суретшілердің, дизайнерлердің және танымал тұлғалардың бірегей лоттары қойылған қайырымдылық аукционы болмақ. Интрига балғаның соңғы соққысына дейін сақталады.

