IMAGE OpenAI-дың GPT-5 тұсаукесері

Миыңызды түймелі телефондардың қатарына қоюға дайындалыңыз: OpenAI өзінің флагмандық GPT-5 тілдік моделін ұсынды

Компанияның бас директоры бұл жаңалықты OpenAI тарихындағы ең маңызды жаңару деп атап, оның маңыздылығын iPhone-ның Retina дисплейіне көшуімен салыстырды. «Егер GPT-3-пен жұмыс мектеп оқушысымен сөйлескендей болса, GPT-4 – студентпен диалог құрғандай әсер қалдырса, ал GPT-5 – бұл ғылым докторымен сұхбаттасумен тең», – деп атап өтті Сэм Альтман.

GPT-5 мүмкіндіктері

Модель бұрынғыдан жылдамырақ, дәлірек және сенімдірек жұмыс істейді: сирек қателеседі, егер бірдеңені білмесе, онысын жасырмай мойындайды және сұранысқа қарай жұмыс режимін автоматты түрде таңдайды.

GPT-5 бағдарламалау, ғылым, медицина және жазу сияқты салалардағы тапсырмаларды әлдеқайда жақсы орындайды. Ол бір ғана сұраныспен веб-қосымша жасай алады, Gmail және күнтізбемен біріктірілген, сондай-ақ қарым-қатынас стилін баптауға болады: мысалы, жайдары дос, менмен интеллектуал және басқа да тұлға типтерінің бірін таңдай аласыз.

GPT-5-ке қолжетімділік ChatGPT-дің барлық қолданушысы үшін автоматты түрде ашылды, алайда тегін нұсқасында оны пайдалануға шектеу қойылған.