IMAGE Getty Images

Музыкант әрі дизайнер бұл марапатты «мәдениет пен қоғамға қосқан ерекше үлесі үшін» алды

14 шілдеде, Бастилияны алу күні мерекесінде Елисей сарайында 589 адам Францияның ең жоғары азаматтық марапаты – Құрметті легион орденімен марапатталды.

Марапат иегерлерінің қатарында музыкант, продюсер және Louis Vuitton ерлер желісінің креативті директоры Фаррелл Уильямс те бар. Ол бұл жоғары атақты «мәдениет пен қоғамға қосқан ерекше үлесі үшін» иеленді. Онымен бірге актриса Леа Дрюкер, әнші Сильви Вартан және жазушы Марк Леви де марапатқа ие болды.

Құрметті легион орденін 1802 жылы Наполеон Бонапарт тағайындаған. Орденнің рыцарьдан бастап Үлкен крестке дейінгі бес дәрежесі бар. Көбінесе рыцарь атағы мәдениет, ғылым, спорт, мемлекеттік қызмет секілді түрлі салалардағы ұзақ жылғы қызметі немесе ерең еңбегі үшін беріледі.