IMAGE Fenty Beauty науқаны | Instagram @fentybeauty

Fenty Beauty-дің Diamond Bomb топтамасы – жылтырды жақсы көретіндердің нағыз арманы

Рианнаның өнімділігіне таңғалмасқа болмайды: ол бір уақытта ана атанып, бьюти-хиттерді шығарып үлгереді. Жақында Fenty Beauty өзінің Diamond Bomb атты жаңа капсулалық топтамасын таныстырды. Бұл желіге бет пен денеге арналған жарқыраған хайлайтерлер, сондай-ақ «гауһар шаңы» әсері бар ерін жылтыратқыштары мен стик-бояулар кірді.

Diamond Bomb эксклюзивті жаңа реңктерде ұсынылған: Lavender Luv’r, Pink Ice және Trophy Wife. Көзге арналған жарқыраған Shadowstix Diamonds бояулары How Many Carats?!, Champ’ion және Miss Pri$$y реңктерінде, ал ерінге арналған Gloss Bomb Stix Shimmer жылтыратқышы How Many Carats?! реңкінде шықты. Біздің таңдауымыз – денеге көз қарықтырар жылтыр беретін танымал Body Lava-ның шектеулі нұсқасы.