Онда еш қысылусыз жаңа Kilian Paris хош иістері таныстырылды
Алматы жазы жаңа батыл хош иіс коллекциясынан, ашық көйлектерден және коктейльдерден басталды. Маусымның бесі күні Kilian Paris Gruppo 63 барында Don’t Be Shy Party кешін ұйымдастырды. Кештің ұраны: «Қысылуға жоқ дейміз!»
Кешке көйлегінің ойығы санына дейін жеткен блогер Алтынай Урал, декольтесі көздің жауын алатын мини киген Дильназ Ахмадиева және кіндігін айқара ашқан Қарлығаш Есқалиева келді. Оларға актриса Әсел Сағатова, актер Санжар Мәдиев, әнші Yenlik және басқа да жұлдыздар қосылды. Керім кештерді ұнататын жандар тізімі ұзын-сонар болды.
Ел назарында – Килиан Хеннеси өзінің коньяк мұрасын атап өтемін деп шығарған The Liquors хош иіс коллекциясы. Әр флакон ішімдік іспетті. Angels’ Share – Хеннеси әулетінің ата-тектік қоймасынан алынған коньяк жұтымы, Roses On Ice – мұз бен лайм қосылған салқын джин, Fievre Verte – XIX ғасырдағы Париж кафесіндегі трип, Apple Brandy on the Rocks – алма брендиінен жасалған Нью-Йорк акценті бар бренди, Old Fashioned – шотландтық қамалдағы алауошақтай жылу беретін 18 жыл сақталған виски.
Gruppo 63 бір кешке жабық клубқа айналды. Онда табу болған жоқ. Кештің сәнін DJ Saginttaev пен The Liquors коллекциясына орай әзірленген авторлық коктейльдер кіргізді. Арасында коньяк Angels’ Share, сергіткіш Roses On Ice және қоздырғыш Apple Brandy on the Rocks болды.
«Әр адамның жеке хош иіс коллекциясы болуы керек», – дейді Килиан Хеннесси. Бұл түннен кейін қонақтар елең еткізетін естеліктер коллекциясына да ие болды.