IMAGE Пэт МакГрат

Louis Vuitton сән үйінің жаңа La Beauté атты косметикалық желісі косметика саласындағы әйгілі визажист Пэт МакГраттың тікелей басшылығымен жарық көрмек

Жақында ғана Jacquemus сән үйі өзінің сұлулық топтамасын ұсынған еді. Louis Vuitton да өз жанкүйерлерін қуантуға асық. Жаңа топтамада елу бестен астам түрлі-түсті далап, оннан астам ерін бальзамы, сондай-ақ сегіз түрлі бояу палитрасы бар. Аңызға айналған визажист Пэт МакГрат бұл жобада брендтің косметикалық бағытына креативті директор ретінде жетекшілік етеді. Айта кетейік, 2021 жылы ол Британ империясының Дама-Командоры атағын алған болатын.

La Beauté Louis Vuitton брендтің тұңғыш толыққанды сұлулық жинағы 2025 жылдың күзінде көпшілікке жол тартады. Пэт МакГрат бұл жаңалыққа қатысты өз ойын былай білдірді: «Сұлулық әлемі – тек қана сұлулық өнімдерімен шектелмейтін, әлдеқайда ауқымды дүние. Біздің мақсат – люкс сұлулықтың жаңа деңгейін қалыптастыру».