Қонақүй нөмірлерінде Balenciaga амбассадорлары – Николь Кидман, Изабель Юппер және Патрик Шварценеггер түскен

«This is another Balenciaga video» (ағыл. – «Бұл – Balenciaga-ның кезекті тағы бір видеосы»), – дейді кадр сыртынан Юрген Теллердің сабырлы дауысы. Balenciaga-ның қысқы топтамасына арналған The Clients кампейнінің видеосы осылай басталады. Түсірілім Теллердің фирмалық жылтырсыз стилінде Биаррицтегі тарихи Hôtel du Palais-те өткен. Кампейнге бренд амбассадорлары – Николь Кидман, Изабель Юппер, Патрик Шварценеггер, сондай-ақ модельдер Клаудия Шиффер, Артур Чэнь, Лю Вэнь, Адут Акеч және Роксан Плаза қатысқан.

Видео Юргеннің түсініктемелерімен толықтырылған. Мысалы, ол: «As for the sound, we didn’t have a specific idea» («Дыбысқа келер болсақ, бізде нақты бір идея болған жоқ») және «We felt that the video might need an antidote to the luxury, the boredom of hotel stay» («Бізге бұл видео сән-салтанат пен қонақүйдегі зерігуден арылтатын бірдеңені қажет ететіндей көрінді») дейді. Теллер осылайша әдемі сурет пен сән-салтанаттың тез жалықтыратын қарабайырлыққа айналатынын мойындағандай болады.

Темы