Лондондық дизайнер Грейс Уэльс Боннер Hermès сән үйін басқарған алғашқы қара нәсілді әйел атанды
Hermès ерлер желісінің креативті директоры лауазымына Грейс Уэльс Боннердің тағайындалғанын жариялады. Ол бұл қызметте 37 жыл бойы брендтің стилін айқындап келген Вероник Нишанянды алмастырады. Central Saint Martins түлегі Грейс Уэльс Боннер 2014 жылы өзінің Wales Bonner атты лондондық брендін құрып, аз уақыт ішінде өз буынының ең жарқын өкілдерінің біріне айналды. Ол British Fashion Awards (2015) сыйлығын жеңіп алып, LVMH Young Designer Prize (2016) иегері атанып, Vogue Designer Fashion Fund лауреаттарының тізіміне еніп, CFDA халықаралық сыйлығының «Жылдың үздік ерлер дизайнері» (2021) номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар, Грейс Вена қолданбалы өнер университетінде төрт жылдық Between Critique and Hope зерттеу жобасын басқарады. Ал біз оны ең алдымен adidas-пен жасаған сәтті коллаборациялары арқылы танимыз.
Hermès тарихындағы алғашқы қара нәсілді әйел-дизайнердің дебюттік көрсетілімі 2027 жылдың қаңтарына жоспарланған.
