Гвинет Пэлтроудың G. Label атты жаңа киім бренді туралы баяндаймыз
Гвинет Пэлтроу өзінің G. Label киім брендінің айдентикасын толықтай өзгертіп, оны қайта жандандыруға тырысуда. Бұған дейін де Гвинет өмірінің көп бөлігін осы салаға арнағанына қарамастан, сән аренасында өзін батыл танытуға жүрексініп келген еді. Енді ол креативті директор София Менассемен бірге тоғыз жылдық брендті халықаралық деңгейге шығаруды жоспарлап отыр. Гвинет Gwyn брендінің іске қосылғанын Нью-Йорк сән апталығында жариялады: подиумдық көрсетілімдер болмайды, бірақ маусымдық таныстырылымдар күтілуде. Алғашқысы 21 қыркүйекте өтеді – онда 36 заттан тұратын топтаманың жартысы ұсынылады.

Gwyn силуэттерінен бұрын Maison Margiela және The Row брендтерімен жұмыс істеген Менассенің ықпалы айқын байқалады. Көпқабаттылық, фактуралық және еркіндік пен қатаңдықтың үйлесімі сол баяғы Олсен апалы-сіңлілерінің стилін еске салады. Дегенмен, Пэлтроудың жұмсақ және күнделікті образдарға негізделген жеке стилі де сақталған.
