IMAGE Жаңа House of Dior ғимаратының сырты

Төрт қабатты House of Dior ғимаратының ішінде дүкен, Dior Maison кеңістігі және АҚШ-тағы алғашқы Dior спа-орталығы орналасқан

Нью-Йорктегі 57-ші көше мен Мэдисон-авенюдің қиылысында Dior-дың флагмандық бутигі – House of Dior New York ашылды. Ол Кристиан Диордың 1948 жылы брендтің американдық бөлімшесін құрған жеріне жақын орналасқан.

Биіктігі жеті метрге жуық үлкен терезелері бар тарихи ғимараттың сырты аппақ таспен қапталған. House of Dior-дың салмақты әрі талғампаз интерьерін құруға сәулетші Питер Марино мен ландшафт дизайнері Петер Вирц жауапты болды.

House of Dior-дың төрт қабатында сән үйінің соңғы киім, аксессуар, зергерлік бұйымдар мен парфюмерия топтамалары қойылған. Сондай-ақ, мұнда АҚШ-тағы алғашқы Dior Spa орталығы ашылды. Онда қонақтар Dior Measurements жүйесінің көмегімен теріге толық диагностика жасатып, криотерапия, оттегі инфузиясы және басқа да процедураларды қабылдай алады.

House of Dior ішіндегі жеке бір кеңістік Dior Maison топтамасына арналған. Оған жезден жасалған шырағдандар, гүл құмыралары, қола табақшалар және басқа да талғампаз интерьер заттары кіреді.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @dior
Tatler Asia
Tatler Asia
IMAGE Instagram @dior
Tatler Asia

Темы