Style|Fashion

APXGP коллекциясы: Tommy Hilfiger мен F1 фильмінің коллаборациясы

Автор Алина Ким
03.06.2025
APXGP жарыс күрткесін киген Идрис Демсон | Tommy Hilfiger
IMAGE APXGP жарыс күрткесін киген Идрис Демсон | Tommy Hilfiger

Жарнамалық науқанның назарында – Tommy Hilfiger амбассадоры әрі F1 фильміндегі басты рөлді сомдаушы Демсон Идрис

APXGP коллекциясы сатылымға 2025 жылдың 3 маусымында шықты. Tommy Hilfiger мен F1 спорттық драмасының коллаборациясы аясында әзірленген коллекция. Капсула костюмдерін Tommy Hilfiger тіккен фильмнің премьерасына орай жарық көрді.

Фильмдегі басты рөлді сомдаушы әрі бренд амбассадоры Демсон Идрис жарнамалық науқанның бет-бейнесі болды. Актер Met Gala-ға F1 пилотының ақ комбинезонын киіп барған болатын. Кейін ол комбинезонның ішінде алқызыл түсті қос өңірлі Tommy Hilfiger костюмі бар болып шықты. Кейін актер Метрополитен музейіне қарай қолына шлемін ұстап қадам басты.

Демсон Идрис Met Gala 2025-те | Getty Images
IMAGE Демсон Идрис Met Gala 2025-те | Getty Images
APXGP коллекциясы: Tommy Hilfiger мен F1 фильмінің коллаборациясы

Режиссер Джозеф Косински ұсынған F1 фильмі халықаралық прокатқа 25 маусымда шығады. Сондай-ақ фильмге Брэд Питт түсті. Ол бұрында F1 пилоты болып, кейіннен жас пилот Джошуаның (Демсон Идристің) ұстазына айналған Санни Хейстің рөлін сомдады.

APXGP Коллекциясы | Tommy Hilfiger
IMAGE APXGP Коллекциясы | Tommy Hilfiger
APXGP коллекциясы: Tommy Hilfiger мен F1 фильмінің коллаборациясы
APXGP коллекциясы: Tommy Hilfiger мен F1 фильмінің коллаборациясы
APXGP коллекциясы: Tommy Hilfiger мен F1 фильмінің коллаборациясы