Line 2: Margiela-ның суретшілермен және музыканттармен жаңа ынтымақтастық дәуірі
Maison Margiela да сән әлеміндегі мәдени ықпал үшін күреске қосылды. Бренд суретшілермен және музыканттармен бірігіп, «рухани дүниелер» сериясы – Line 2-ні іске қосты. Оның алғашқы жобасы ретінде кореялық суретші Химин Чон мен саунд-дизайнер Джойулдың Сеулдегі бутикке арналған инсталляциясы таныстырылады. Брендтің танымал сандық жүйесі бар: 80-жылдардың соңынан бастап Margiela әрбір бұйымның санатын (аяқ киім, парфюм, подиум топтамасы) білдіретін 0-ден 23-ке дейінгі нөмірлерді қолданып келеді. Енді осы жүйеге Line 2, яғни «рухани» санат та қосылып отыр.
Мұндай қадамдар сән индустриясында бұрыннан бар. Мысалы, Prada-ның жеке мұражайы жұмыс істейді, Louis Vuitton көрмелерге кураторлық етеді, ал Dior өз көрсетілімдері үшін Лувр туындыларын пайдаланады. Margiela бұл істі сәл қарапайым бастағанымен, мақсаты айқын – подиумнан тыс кеңістікте де брендтің атын шығару.
Кезінде концептуалды дизайны мен негізін қалаушының құпия болмысын ту етіп ұстаған бренд, енді жұлдызды коллаборациялар мен ашық маркетинг жолына түскендей. Maison Margiela-ның бас директоры Гаэтано Сьютоның айтуынша, Гленн Мартенс Line 2 желісін және «рухани дүниелер» идеясын зор ықыласпен қолдаған.