Prada ұсынған микро-шортылар неліктен жаңа еркектік сексуалдылықтың манифесіне айналды?
Ерлердің сексуалды бостандыққа шығуы басталды ма? Менің ойымша, иә. Бұл үрдістің бастауында әлемнің ең сексуалды аяқтары – Брэд Питт, Педро Паскаль, Аарон Тейлор-Джонсон киген Saint Laurent-тың ерлерге арналған ботфорттары тұрғандай. Тіпті Тейлор-Джонсон бренд кампейніне жартылай жалаңаш денесімен, арандатушы кейіпте түскен еді.
Енді осы революцияның жаңа кезеңі келді – Prada-ның микро-шортылары. 2026 жылғы көктем-жаз топтамасында Раф Симонс пен Миучча Прада барлық артық нәрсені кесіп тастап, батыл қадамға барды. Миландағы подиумға модельдер кішкентай інісінен сұрап алғандай блумер-шортылармен шықты. Образдың өзі қарама-қайшылыққа толы: үстінде – қатаң жейделер мен макинтоштар, ал астында – жеке бостандықтың көрінісі. Ал шортының ұзындығы – адамның ішкі сенімімен ғана өлшенеді. Бірақ осының бәрі брендке тән оғаш астары бар интеллектуалды минимализм шеңберінде сақталған.



