IMAGE FENTY x PUMA | puma.com

Рианнаның футбол формасының элементтерінен шабыт алған киімдері мен аксессуарларынан тұратын жаңа FENTY x PUMA топтамасы жарық көрді

Топтаманың інжу-маржаны – атақты PUMA Striker бутсыларынан шабыт алған, тікенек табанды Cat Cleat L шәркейі және PUMA King үлгісі негізінде жасалған Avanti LS кроссовкасы.

Дайын киімдер желісі де футбол эстетикасын жалғастырады: оверсайз-пуловер, страздармен жарқыраған тар футболка, классикалық футбол жейдесі, сондай-ақ кең пішілген шалбар мен жұмсақ барқыт шорты – барлығы спорт пен сәннің үйлесімін көрсетеді. Аксессуарлар қатарында контрастты әрлеуі бар сөмке және екі жақты принті бар жібек шарф бар.

FENTY x PUMA топтамасы қазірдің өзінде PUMA-ның ресми сайтында және брендтің фирмалық дүкендерінде қолжетімді.

 

arrow left arrow left
arrow right arrow right
Фото 1 из 4 FENTY x PUMA | puma.com
Фото 2 из 4 FENTY x PUMA | puma.com
Фото 3 из 4 FENTY x PUMA | puma.com
Фото 4 из 4 FENTY x PUMA | puma.com