IMAGE Skims | Instagram @skims

Post Malone қатысқан Skims-тің жаңа жарнамалық науқаны туралы баяндаймыз

Жартылай жалаңаштанған Post Malone Skims-тің жаңа жарнамалық науқанына түсті. Музыканттың өзі: «Мұншалықты әдемі болу да қиын екен»,деп қалжыңдайды. Бұл коллаборация кездейсоқ емес. Post Malone-ның өзі брендтің бұрыннан жанкүйері екенін айтады. Ол әсіресе қыстыгүні түнде темекі тартуға шыққанда Skims халатын кигенді ұнататынын мойындаған. Енді ол Realtree камуфляж принті бар толыққанды топтаманы жарнамалап отыр. Рэпердің денесі түгелдей дерлік татуировка болғандықтан, бұл принт оның денесінің жалғасы сияқты көрінеді.

Түсірілім адам аяғы баспайтын жерде, Юта штатында алыс жердегі бір ранчода өткен. Post Malone ағаштардың арасында іш киіммен жүрудің ерекше әрі көңілді болғанын айтады. «Мен қарағайлы орманда жалаңаш тұрмын. Жоқ, жалаңаш емеспін, бірақ үстімдегі іш киім камуфляж болғандықтан, оны байқау қиын», – деп әзілдейді рэпер. Топтамаға іш киім, футболкалар, спорттық шалбарлар мен худи кіреді. Барлық киім 21 тамыздан бастап Skims-тің ресми сайтында сатылымға шықты.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @skims
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia