IMAGE Skims-тің Seamless Sculpt Face Wrap атты маска-таңғышы | Instagram: @skims | Instagram: @skims

Seamless Sculpt Face Wrap – Skims-тің толыққанды бьюти-бағытын іске қосудағы алғашқы қадам

Skims өзінің дебюттік бьюти-өнімін таныстырды. Бұл – бетке арналған Seamless Sculpt Face Wrap атты серпімді маска-таңғыш. Аксессуар коллагенді жіптері бар арнайы «мүсіндейтін» матадан жасалған. Ол иек сызығын ақырын демеп, лифтинг әсерін береді. Skims бұл жаңа өнімді күнделікті күтімнің «таптырмас» элементі деп атап отыр. Алғашқы топтама 29 шілдеде онлайн-сатылымға шығып, лезде сатылып кетті.

2025 жылдың наурыз айында Skims америкалық Coty компаниясынан Skkn by Kim брендін сатып алған болатын, ал маусымда оны ресми түрде жапты. Ким Кардашьян барлық өнімді бір ғана маркамен шығаруды шешті. Skims-тің толыққанды бьюти-желісінің іске қосылуы 2026 жылы күтілуде.

Tatler Asia
IMAGE Instagram: @skims
Tatler Asia

Темы