IMAGE Кендалл Дженнер Alo жарнамалық науқанында

Alo-ның жаңа жарнамалық науқаны тауда өткізген тамаша алматылық демалысты еске салады

Кендалл Дженнер Alo спорттық киім брендінің жаңа күзгі науқанының бет-бейнесі атанды. Luxury Is Wellness («Шынайы салтанат – саулық») деп аталатын бұл науқанның түсірілімі Юта штатындағы Amangiri курортының көз тартарлық табиғатында өтті. Кадрларда модель The Core топтамасының негізгі үлгілерін: Airbrush High-Waist велосипед шортысын, One and Done комбинезонын және Airlift Intrigue, Splendor браларын таныстырады.

Дженнер Alo философиясының өзіне өте жақын екенін мойындады: «Мен үшін ішкі жан-дүниеңе үңіліп, саналы өмір сүру өте маңызды». Ол саяхатта, түсірілімде немесе үйде болсын, ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектесетін кішкентай ритуалдарға сүйенетінін айтты. Бұл қағида брендтің негізіне де салынған. 2007 жылы Дэнни Харрис пен Марко де Джордж негізін қалаған Alo соңғы жылдары стильді белсенді демалыс пен après-ski (шаңғы тепкеннен кейінгі демалыс) киімдерін ұсына отырып, люкс сегментіне қадам басуда.

Alo өкілдерінің айтуынша, Кендалл брендтің рухын: оның сабырлы, сенімді әрі шынайы келбетін мінсіз жеткізген. «Біз бұдан да үйлесімді шабыт көзін таба алмас едік», — дейді бренд өкілдері.

Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

Темы