Style|Fashion

Джейкоб Элорди стилі: ер адамға әйел сөмкесі не үшін керек?

Автор Индира Тлегенова
15.09.2025
Джейкоб Элорди Bottega Veneta жарнамалық науқанында
IMAGE Джейкоб Элорди Bottega Veneta жарнамалық науқанында

Джейкоб Элорди экранда жағымсыз кейіпкерлерді шебер сомдаса, өмірде нағыз сүйкімді жігітке ұқсайды. Мұның сыры неде?

Bottega Veneta-ның өрілген сөмкелері, қатпарлы шалбарлар, «атасының» лоферлері мен кардигандары – Джейкоб Элордидің стилі кез келген қыздың арманындағы мінсіз жігіттің бейнесін жасайды. Бұл кездейсоқтық емес, керісінше, оның экрандағы жағымсыз кейіпкерлер – токсинді және нарцисс персонаждар образынан арылудың бір жолы. Экранда ол – «Эйфориядағы» агрессивті жасөспірім Нейт Джейкоб, «Солтберндегі» ерке ағылшын ақсүйегі, «Франкенштейндегі» құбыжық, «Присцилладағы» Элвистің зұлым нұсқасы және, ақырында, викториан дәуірінің ең күңгірт кейіпкері – «Найзағайлы асудағы» Хитклифф.

Джейкоб Элорди Милан сән апталығы аясында өткен Bottega Veneta көктем-жаз 2025 маусымының көрсетіліміне қатысты
IMAGE Джейкоб Элорди Милан сән апталығы аясында өткен Bottega Veneta көктем-жаз 2025 маусымының көрсетіліміне қатысты
Джейкоб Элорди Palazzo Fedele сарайында өткен Bottega Veneta күз-қыс 2022/2023 маусымының сән көрсетіліміне келді
IMAGE Джейкоб Элорди Palazzo Fedele сарайында өткен Bottega Veneta күз-қыс 2022/2023 маусымының сән көрсетіліміне келді

Ал өмірде Элорди өзінің сезімталдығы мен прогрессивті көзқарасын көпшілікке паш ететін ер адамның бейнесін еске салады. Әдетте, мұндай жігіттер кофеханада феминистік кітаптарды оқып, матча-латте ішеді, бірақ Джейкоб мұндай жасанды клишелерден аулақ. Оның қолында Эмили Ратаковскидің кітабы емес, Сартрдың «Жүрек айнуы», феминистік ұраны бар футболканың орнына – әйелдер сөмкесі. Оның образдары – әрбір деталі көрерменге арналып, мұқият ойластырылған перформанс, еркектік ұғымына жасалған пікір іспетті.

Джейкоб Элорди 75-ші Берлин халықаралық кинофестивалі аясында өткен «The Narrow Road To The Deep North» фильмінің фотоколлында суретке түсуде
IMAGE Джейкоб Элорди 75-ші Берлин халықаралық кинофестивалі аясында өткен «The Narrow Road To The Deep North» фильмінің фотоколлында суретке түсуде
Джейкоб Элорди Марко Поло әуежайында
IMAGE Джейкоб Элорди Марко Поло әуежайында

Bottega Veneta-ның амбассадоры өмірде экрандағы Нейттен мүлде алшақ. Бұл – стилистер Эми Коморовски, Никола Формичетти, Зои Костелло және апалы-сіңлілі Венди мен Николь Феррейраның еңбегі. Олар актер үшін әдейі жасалған салақтық стилін құрды. Оның қызыл кілемге шыққан образдарының өзі иронияға толы: былғары пиджакпен киілген қысқа шорты, 70-жылдар стиліндегі костюммен үйлескен ашық жейде немесе үлкен екі қатарлы костюм.

Джейкоб Элорди Миланда
IMAGE Джейкоб Элорди Миланда
Джейкоб Элорди Bottega Veneta Ready-to-Wear көктем 2025 көрсетілімінде
IMAGE Джейкоб Элорди Bottega Veneta Ready-to-Wear көктем 2025 көрсетілімінде

Венеция кинофестивалінде Джейкоб Элорди ерекше сенімді көрінді: толығымен Bottega киімі, жаңа маллет шаш үлгісі. Үлкен Jacques Marie Mage көзілдірігінің астына жасырынған өткір көзқарас, қолында матча емес, пленкалы камера. Актердің күнделікті гардеробы одан да еркін: жүн кардигандар, «атасының» лоферлері, қатпарлы шалбарлар, ескірген джинсы, Patagonia жаттығу шортылары, мойны мен белдігіндегі шынжырлар. Егер кішкентай Celine және Fendi сөмкелері болмаса, оны канондық еркектік бейнесі деп те айтуға болар еді. Бойы 196 сантиметр болса да, мұндай жігіттің жанында лифтіде өзіңді қауіпсіз сезінесің.

Джейкоб Элорди 2025 жылғы Торонто халықаралық кинофестивалінде өткен «Франкенштейн» фильмінің премьерасында
IMAGE Джейкоб Элорди 2025 жылғы Торонто халықаралық кинофестивалінде өткен «Франкенштейн» фильмінің премьерасында

Ал біздің жүрегімізге тиген соңғы соққы – Джейкобтың Instagram-да бірде-бір жазбасының жоқтығы. Кез келген қыздың арманы. Дегенмен, көкейде бір сұрақ қалады: осы екі метрлік сұлу жігіттің ішінде қанша нарциссизм жасырылған және ол кейіпкерлері сияқты жағымсыз адам емес пе? Тіпті оның стилистер мұқият құрған бүкіл имиджі жай ғана спектакль болса да, біз бәрібір залдағы ең адал көрермен болып қала береміз.