The Row сайтындағы Galerie бөлімінде енді заманауи өнер және дизайн туындыларымен қатар винтаж жиһаз да бар
The Row Galerie бөлімін кеңейтті. Бұл ерекше бөлімде бұған дейін заманауи өнер және дизайн туындылары ғана болатын. Енді онда винтаж жиһаз да бар. Бренд коллекцияны Рене Габриэльдің креслосы мен Шарлотта Перрианның үстелі сынды XX ғасырдың ортасында жарық көрген еңбектермен толықтырды.
The Row-ға тән қылық. Мұндағы жандар collectible дизайннан (арт объект ретінде жиналатын көркемөнерлік құндылығы бар интерьер элементтері. – Tatler) шабыт алатыны бәріне мәлім. Сондықтан да The Row ғаламының бұл жағының онлайнға көшуі таңқаларлық жайт емес. Алайда бұл заттар бұған дейін қандай да бір интерьер бөлшегі болды ма әлде сату үшін арнайы іріктелді ме – онысын түсінбедік.
Заттардың бағасы сауал негізінде ғана айшықталады. Ал егер масштабты көремін десеңіз, Габриэльдің ұқсас креслоларының құны – $13 мыңның төңірегі, ал Перрианның үстелдері аукциондарда $8 мыңға сатылып жатады.
Осылайша Galerie The Row-ға тән сәнді салқынқандылық пен оның мәдениет, интерьер және талғам әлемдеріне тереңірек бойлауға деген ұмтылысы арасындағы көпір іспетті. Коллекционерлер мен бренд жанкүйерлерінің құлағына алтын сырға, The Row құрған жинақы әрі нәзік әлеміне апарар тағы бір жол ашылды.