Ең танымал 20 бренд қатарына Loewe, Miu Miu, Saint Laurent, Coach, Prada, COS, Bottega Veneta және басқалар кірді
Lyst – сәнді киім сататын жаһандық платформа. Жылына 160 миллион сатып алушыға қызмет көрсететін компанияның сән саласына қатысты жинайтын деректері де көп. Бұл тоқсанда сегіз сән үйі өзінің креативті бағытын өзгертетінін мәлімдеді. Оның төртеуі Lyst-тің ең танымал брендтер индексіне кіреді.
Chloé бренді Lyst индексі пайда болғаннан бері алғаш рет тоғыз орынға көтеріліп, алғашқы ондыққа кірді.
Versace және Balenciaga брендтері бір саты жоғарыласа, Bottega Veneta, Gucci және Valentino брендтері керісінше бір орынға төмен түсті. Танымал COS бренді алғаш рет 11 орынға көтеріліп, ең танымал брендтер ондығына кірді. Бренд тауарларына деген сұраныс та 44%-ға артқан көрінеді.
Кроссовка брендінен Zendaya, Роджер Федерер және FKA Twigs сынды жұлдыздар қолдайтын инновациялық брендке айналған On бренді Lyst индексіне алғаш рет кірді.
Кендрик Ламар Super Bowl сахнасына Céline брендінің кеңейтілген джинс шалбарын киіп шыққаннан кейін Lyst сайтындағы бұл силуэтке деген сұраныс 412%-ға артқан көрінеді. Кендрик осы айда Chanel брендінің амбассадоры атанды.
Lyst Index нұсқасы бойынша ең танымал 20 бренд:
- Loewe
- Miu Miu
- Saint Laurent
- Coach
- Prada
- COS
- Bottega Veneta
- The Row
- Chloé
- Alaïa
- Moncler
- Ralph Lauren
- Versace
- Balenciaga
- Skims
- Jacqemus
- Gucci
- On
- Totême
- Valentino