Әлемнің бес бірдей танымал шеф-аспазы Халкидон түбегінің жағалауында жоғары асхананың жазғы мерекесін өткізіп, ерекше кешкі ас сеттерін ұсынады
Sani Resort Жерорта теңізінің ең басты гастрономиялық орталығына айналғанына он тоғыз жыл болды. Бұл кешенде 27 мейрамхана мен 13 бар қызмет көрсетеді. Биыл 11 шілдеден 22 тамызға дейін желіге қарасты қонақ үйлердің бірінде Sani Gourmet 2025 тағам фестивалі дүрілдеп өтпек. Мұнда сирек кездесетін табиғи өнімдерден әзірленген талғампаз тағамдар мен шараптардың таңғажайып үйлесімдері ұсынылады.
Фестивальге Michelin жұлдыздарымен әйгілі, әлемдік деңгейдегі бес асхана шебері, атап айтқанда Янник Аллено, Вирхилио Мартинес, Гагган Ананд, Даниэль Булю және Эмма Бенгтссон өз өнерін ортаға салады. Олардың жиынтығында 20-дан астам Michelin жұлдызы бар екенін айта кеткен жөн. Әрбір шеф-аспаз өзіндік эксклюзивті дәм тату мәзірін ұсынады. Sani Gourmet 2025 кешкі астары жұма күндері сағат 20:00-де Porto Sani қонақ үйінің Elia мейрамханасында өтеді.
Фестиваль кестесі:
- 11 шілде – Янник Аллено (Yannick Alléno)
- 25 шілде – Гагган Ананд (Gaggan Anand)
- 1 тамыз - Вирхилио Мартинес (Virgilio Martínez)
- 8 тамыз - Даниэль Булю (Daniel Boulud)
- 22 тамыз – Эмма Бенгтсон (Emma Bengtsson)